Атырау, 25 сәуір 09:09
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны ресми расталды

1 970 просмотра

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ұсталғанын растады. 

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеуді бастады. 
Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн. теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.
Күдікті ұсталып, Атырау қаласының ПБ УҰИ-на қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды”.

Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Фархат АБИЛОВ


11 желтоқсан 2021, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.