Атырау, 9 қазан 06:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Олар небәрі он тоғыз жаста еді

1 851 просмотра

10 қарашаға қараған түні Балауса ықшамауданындағы тұрғын үйде газ қазандығы жарылған кезде ауыр жарақат алған екі жас жігіт қайтыс болды.

Өрт кезінде үш адам зардап шегіп, олар облыстық ауруханаға жатқызылды.

- Екі науқас денесінің, тыныс алу жолдарының көп бөлігін термиялық күйік шалып, күйік шогын алып, газдан уланып, ауруханаға түсті. Олар жасанды тыныс алу аппараттарына қосылып, көмек көрсетілді, бірақ, өкінішке орай, аман алып қалу мүмкін болмады, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 қарашада жансақтау бөлімінде бір науқас (денесінің 85-90%-ы күйген), келесі күні екіншісі (90-95%) қайтыс болды. Жігіттер небәрі 19 жаста еді...

Үшінші науқас (денесінің 25-30%-ы күйген) қажетті емін алуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қараша 2021, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.