Атырау, 9 қазан 08:20
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Денесінің 90 пайызын күйік шалған»: Атырауда газ қазандығының жарылуы салдарынан үш адам ауыр жарақат алды

Сурет
2 191 просмотра

10 қарашаға қараған түні Балауса ықшамауданындағы тұрғын үйде жылыту қазандығы жарылған. Өрт кезінде үш адам ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 01:24-те Балауса ықшамауданының 24-көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылытылатын қазандықта газ-ауа қоспасы жарылып, артынан шатыры мен жалпы ауданы 120 шаршы метр бөлмелер өртенген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сағат 02:40-та сөндірді.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады: 19 жастағы жігіттің денесін 90%, оның құрдасын 85-90% күйік шалған. Қазір екеуі де ИВЛ аппаратына қосылған. 1999 жылы туған қыз 25-30% дене күйігімен нейротравматология бөлімінде жатыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ТЖД жолдаған суреттер

10 қараша 2021, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.