Атырау, 9 қазан 13:29
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Прокуратура бизнесмендердің құқығын қорғады

1 147 просмотра

Жылыой аудандық прокуратурасы тексеру барысында «БАТЫС ТЕХИНВЕСТ» ЖШС-нің тиісті әлеуметтік бағдарлама аясында жолаушыларды тасымалдау шығындарына бюджеттен тиісті көлемде субсидия алмағанын анықтады.

Мәселен, 2021 жылдың қаңтар айында аудан әкімдігі 32 миллион теңгеден астам төлеуі тиіс болса, іс жүзінде 15 миллион, ақпанда 42 миллион теңгенің орнына 17 миллион, наурыз айында 43 миллион теңгенің орнына 3 миллион, сәуірде 46 млн теңгенің орнына – 20 млн теңге төлеген. Субсидияларды толық төлемеу ЖШС қызметкерлерінің еңбек құқықтарының бұзылуына әкелді. 

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімдікке прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 70 миллион теңге субсидия өндіріліп, 146 қызметкердің 27 миллион теңге жалақысы мен зейнетақы аударымдары аударылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қазан 2021, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.