Атырау, 9 қазан 13:31
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Тексеруге әуесқойлар көбейген

1 291 просмотра

Жыл басынан бері Атырау қаласының прокуратурасы 12 лауазымды тұлғаны тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың қатарында облыстық тексеру комиссиясының, қала әкімдігінің және салық қызметінің қызметкерлері бар.

Әңгіме, атап айтқанда, шағын бизнес пен микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге соңғы 2 жылда қолданылып жүрген мораторийдің бұзылуы туралы болып отыр.

- Прокурорлық әрекет ету шаралары бойынша уәкілетті органдар жүргізген 60-тан астам тексерудің күші жойылып, заңсыз деп танылды, - деп хабарлады Атырау прокуратурасы. Мәселен, 22 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қалалық мәдениет және спорт бөлімі жоспарлаған тексерудің күші жойылды. Бұдан басқа, прокурордың наразылығы бойынша тексеру комиссиясының 36 жекеменшік балабақшаға қатысты тексеру тағайындау туралы екі бұйрығының күші жойылды.

Фархат АБИЛОВ

27 қазан 2021, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.