Атырау, 24 шілде 18:17
 дождьВ Атырау +37.3
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

"Спутник V" шығарушылары балаларға арналған екпе тіркелетінін жариялады

1 284 рет қаралды

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркеледі деп күтіледі, - деп хабарлайды  РИА Новости

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр: фармакологиялық сараптама жүргізілу үстінде. Жақында тіркеу туралы оң шешім шығады деп үміттенемін", - деп бөлісті маман.

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығынан жасөспірімдерге арналған "Гам-COVID-Vac-M" вакцинасын тіркеу үшін құжаттар пакетін алған болатын. Вакцинация мақұлданған жағдайда ол тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен салынады.


27 қазан 2021, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.