Атырау, 9 қазан 13:24
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жаңа ықшамаудандар «жарыс» алаңына айналды

1 635 просмотра

Атырауда қала маңындағы жаңа ықшамаудандарда жыл басынан бері 15 шақты ЖКО орын алған. Бұған жылдамдықты арттыру және жол белгілерін елемеу басты себеп болып отыр, дейді полицейлер.

Атырау қалалық Полиция департаментінің кезекші инспекторы Нұрлан НҰРҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жазатайым жеңіл оқиғалар Самал, Балауса, Жұлдыз, Еркінқала, Ақсай, Ақжар, Жаңаталап, Дамба, Көкарна және Тасқала ықшамаудандарында жиі орын алады.

– Апаттар жаңа көше қиылыстарында жиі болып тұрады. Жүргізушілер жол белгілеріне қарамай, жоғары жылдамдықпен жүреді, жол бермейді. Әрбір оқыс оқиға түрлі жарақаттарға, кейде адам өліміне әкеп соғады, – дейді Н.Нұрғалиев

Жүргізушілерде тәртіптің болмауы аталмыш аудан тұрғындарын алаңдатып отыр. «Көктем» ықшамауданының тұрғыны Айгерім ӨТЕҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл жерде кешкісін кейбір жүргізушілер «жарыс» ұйымдастырады.

– Бұл жерде жиі «жарысады». Бірнеше рет полицияға хабарластық, хаттама толтырды. Бірақ нәтиже жоқ. Бейнебақылау камераларын орнатып, бақылауды күшейту керек, – дейді А.Өтеғалиева.

Естеріңізге салсақ, биыл маусым айында Атырауда «Көктем» ықшамауданында тіркелмеген ресейлік мемлекеттік нөмірі бар «ВАЗ-1114» көлігінің мас жүргізушісі мотоцикл жүргізушісін қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Артынша тергеу изоляторына қамалды, сот әлі өткен жоқ.

Фархат АБИЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

26 қазан 2021, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.