Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мал азығын дайындау жалғасуда

1 534 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қызылқоға ауданында мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бүгінде қыс мезгіліне қажетті мөлшердің 88 пайызы дайындалған.

Бұл жұмыстарды «Сарқұмақ», «Сисенбек», «Қасым», «Ақшелек», «Құрман», «Ақтан», «Әлихан» шаруа қожалықтары мен «Тасшағыл» өндірістік кооперативі жүргізуде. Қызылқоға облыс бойынша мал азығы ең арзан аудан – бір орам шөп 6-7 мың теңге тұрады. Бұдан басқа, аз қамтылған отбасыларға шөп тегін беріледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қазан 2021, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.