Атырау, 24 сәуір 02:41
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қала әкімдігі тутұғырды әлі қабылдаған жоқ

1 172 просмотра

«АЖ»-ға Атырау тутұғырының қала әкімдігінің балансына әлі қабылданбағаны белгілі болды. Бұған аяқталмаған жұмыс себеп болып отыр. Толығырақ – «AЖ» материалында. 

Тутұғыр құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінде басталып, 2019 жылдың соңына аяқталады деп жоспарланған. Бірақ нысан тек 2020 жылдың 30 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында болған төтенше жағдай қала тұрғындарының есінде. Қатты желдің салдарынан 91 метрлік металл конструкция қақ ортасынан бөлінген еді.

Құрылысқа 2,5 млрд теңге бөлінді, бұл ТШО-ның қаражаты.

Пайдалануға берілгеннен кейін туды біресе көтеріп, біресе азғана жел болса, түсіретін. Ал жақында Атырау қаласының әкімдігі тутұғырды өз балансына әлі қабылдамағаны белгілі болды.

- Тутұғырды қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі балансқа алуы керек еді, бірақ анықталған ақауларға байланысты алынбады. Әкімдіктің талабы бойынша көгал егіліп, желдің күшін анықтайтын датчик орнатылды, - деп хабарлады «АЖ»-ға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. – Басқа да кемшіліктер бар. Барлық анықталған кемшіліктер жобалық-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес жойылғаннан кейін ғана қала нысанды қабылдайды.

Бұдан бұрын облыс әкімдігі «Тутұғыр» монументінің айналасында жасыл желектерді суару үшін датчиктермен жабдықталған автоматтандырылған жүйе қарастырылғанын, оның өсімдіктерге қажетті су мөлшерін миллилитр дәлдікпен мөлшерлеп, оны ағаштардың тамыр жүйесіне тікелей жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын. Бірақ, көгалға қатысты проблемалар болған екен.

ТШО «AЖ» тілшісіне тутұғырды биыл 6 қаңтарда Атырау облыстық құрылыс басқармасы пайдалануға қабылдағанын айтты: «Нысан құрылысын бақылау ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Салынған объектіні құрылыс басқармасы авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың оң қорытындысынан кейін толық дайын болған кезде қабылдап, іске қосады».

Фархат АБИЛОВ

26 қазан 2021, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.