Атырау, 24 сәуір 20:03
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауға Израильдан гинекологтар келді

1 388 просмотра

Ана өлімін азайту жұмыстары аясында Атырауға Израильден акушерлік және гинекология саласындағы бір топ медицина мамандары келді.

Екі апта бойы дәрігерлер облыстық перинаталды орталықтың пациенттеріне, сондай-ақ, модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге кеңес береді. Израиль дәрігерлері клиникалық жағдайларға талдау жүргізеді, сондай-ақ босану кезіндегі шұғыл жағдайлар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

– Біздің міндетіміз – дәрігерлерге күнделікті жұмысында көмектесетін практикалық дағдыларды барынша көп жеткізу. Бұл өз кезегінде өңірдегі ана өлімінің азаюына әсер етпек. Жұмыс барысында жергілікті мамандардың бар білімін жүйелеуге тырысамыз. Біз Атыраудағы медицина мекемелеріндегі барлық шұғыл жағдайға қосылуды көздеп отырмыз, - деді медицина мамандарының біліктілігін арттыру орталығының басшысы Наталья МЕЛЕХ (Израиль).

Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде Атырау облысында ана өлімінің 16 фактісі тіркелген. Оның 12-сі COVID-19 пандемиясы кезінде жұқпалы аурулар стационарында болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қазан 2021, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.