Атырау, 9 қазан 13:25
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 10 адам COVID-19 жұқтырған

1 310 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 10 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында COVID-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды. Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарында 3 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 2 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 45 адам емделді.

Қазір 219 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 99, екінші облыстық ауруханада – 6 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 65 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

26 қазан 2021, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.