Атырау, 25 қараша 00:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеуде "Бриллиантовая рука" фильміне түскен актриса жоғалып кетті

1 097 просмотра

Мәскеуде танымал актриса, Кеңес киносының жұлдызы Светлана Светличная хабар-ошарсыз кетті. Туыстары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз берді, - деп хабарлайды "Московский Комсомолец"  РИА Новости сайттары.

81 жастағы актрисаның ұлы анасы 21 қазанда жоғалып кеткенін мәлімдеді. Ол бір ай бұрын көшіп келген пәтерінде болмаған, ұялы телефонын көтермеген.

Светлананың тұрғылықты жерін тексеру кезінде полицейлер назар аудартарлық ештеңе байқамады. Пәтерде құжаттары мен үлкен ақшасы бар рюкзактар табылды, актрисаның жеке заттары жоғалмаған.

Түсірілім кезінде алған жарақатынан кейін актрисада деменция белгілері байқалғаны атап өтілді.

©РИА Новости

"Олар 20 қазанда телефон арқылы сөйлескен, актрисаның үйден шығып, пәтерге оралғаны да белгілі. Сол күні күзетшінің айтуынша, түсірілім тобы Светлана Афанасьевнаның үйіне келген. Олар кеткенде, актриса үйде қалған. Шамамен 17.00-де актриса белгісіз нөмірден туысына қоңырау шалып, түсініксіз әңгіме айтқан. Кейінірек сол күні оған біреу жедел жәрдем шақырғаны анықталды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
22 қазанда туыстары актрисаның тұрғылықты жеріне келді, бірақ ешкім пәтердің есігін ашпаған, ұялы телефонына жауап бермеген. Содан кейін өздерінің кілттерін пайдаланып, пәтерге кірген, бірақ үйде ешкім болмаған. Белгісіз нөмірден қоңырау шалғаны есіне түсіп, туыстары сол нөмірге қоңырау шалған. Телефонды әйел адам көтерген, актрисаның жоғалғаны туралы ақпаратты тыңдап, қазір сөйлесуге қолайсыз екенін айтып, содан кейін нөмірді бұғаттап тастаған. Содан кейін туыстары полицияға арыз беруге мәжбүр болды", - деп жазады басылым.


26 қазан 2021, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.