Атырау, 9 қазан 14:21
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жасөспірім қыздар төбелескен

2 580 просмотра

Атырауда бизнес және құқық колледжінің үш студенті көшеде аяусыз төбелескен. Әлеуметтік желідегі видеоға қарағанда, бір қызды жерге құлатып, жұдырықтап бетінен ұрған.

«АЖ» тілшісі видеоны Атырау облысының полиция департаментіне жолдағаннан кейін дереу бұзақылар табылып, ата-аналарымен бірге қалалық ішкі істер бөліміне шақырылған.

- Үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты 435-бап («Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық») бойынша хаттама толтырылып, құжаттар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал колледж басшылығы әзірге жас бұзақыларға не істеу керектігін білме отыр. Олар сот қаулысын күтуде. Айта кету керек, олардың екеуі грант бойынша оқып жүр.

Фархат АБИЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған видео

25 қазан 2021, 20:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.