ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев 80,1 пайыз жинап, сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Либерал-демократиялық партияның кандидаты Шавкат Мирзиеевке сайлаушылардың жалпы санының 80,1 пайызы дауыс берді", - деді Низамходжаев дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.
Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Максуда Варисова 6,6 пайыз жинап, екінші орында, "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) Ұлттық-демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыров 5,5 пайызбен үшінші орында тұрды. Төртінші - 4,1 пайыз жинап, Экологиялық партияның жетекшісі Нарзулло Обломуродов және "Адолат" (әділеттілік) социал-демократиялық партиясының төрағасы Бахром Абдухалимов, 3,4 пайызбен соңғы болды.