Атырау, 9 қазан 14:27
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырауда полиция офицері пара алғаны үшін қосымша жаза алды. Пара бергендер де жазаланды

2 053 просмотра

2 қалалық сот Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасарына екінші үкім шығарды. Бұған дейін оны бастығымен және қарамағындағы қызметкермен бірге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін соттаған еді. Ал бұл жолы оған пара алғаны үшін үкім шығарылды.

Еске салсақ, осы жылдың тамызында №2 қалалық сот Жомартов пен оның екі әріптесін ҚР ҚК-нің 189-бабының 1- және 2-тармағы (Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адамның ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi жымқыруы) бойынша кінәлі деп таныды.

Сотта олардың қызметкерлерге сыйақы төлеуге және материалдық көмек көрсетуге бөлінген ақшаны жымқырғандығы, сонымен қатар, қызметкерлерді аудандарға іссапарға жіберу туралы жалған бұйрықтар шығарып, іссапарды қаржысын өздеріне қалдырғаны дәлелденді. Ол кезде Жомартов мемлекеттік қызметте жұмыс лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Қазіргі сот Жомартовтың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқара отырып, қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы бола отырып, аттестациядан өтуге «қолдау» көрсеткені үшін 4 мың теңге көлемінде пара алғанын анықтады. Бұдан басқа, ол тағы бірнеше бағыныштысынан пара алған. Олар да пара беруші ретінде қылмыстық іске тартылды.

- Сот жаза тағайындау кезінде барлық жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының рөлін ескерді. Жомартовқа бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пара берушілер ҚР ҚК-нің 367-бабына сәйкес айыппұлмен жазаланды. Барлық айыпталушылар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылады, - деп хабарлады №2 сотта. 

Фархат АБИЛОВ

25 қазан 2021, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.