Атырау, 27 сәуір 01:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орал-Атырау трассасындағы жол-көлік оқиғасы: екі адам қаза болды

1 819 просмотра
Видеодан алынған кадр

Орал – Атырау трассасында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, кейін өртенген. Қаза болғандар мен жараланғандар бар.

«24 қазан күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Lada Vesta және Lada Priora автокөліктері соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Vesta көлігінің жүргізушісі мен оның 1991 ж. т. жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Lada Priora автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан жүргізуші мен оның жолаушысының денелері шығарылды», - деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолда абай әрі мұқият болуды, сондай-ақ жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 


25 қазан 2021, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.