Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Өткелде әйелді қағып кетті

1 733 рет қаралды

23 қазан күні кешкі сағат 17.00 шамасында Азаттық даңғылындағы «Нарсуд» аялдамасына жақын жерде жаяу жүргіншілер өткелінде «Лада Гранта» көлігі 71 жастағы әйелді қағып кеткен.

28 жастағы жүргізуші Жилгородоктан Балықшыға кетіп бара жатқан.

Жедел жәрдем зардап шегушіні облыстық ауруханаға жеткізді, алған дене жарақаты ауыр. Қазір травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Айнұр САПАРОВА

25 қазан 2021, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.