Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында инфекциялық төсек орындары саны 30%-ға азайды

1 593 рет қаралды

Өңірде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Атырау облысында COVID-19 ауруының төмендеуіне байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек орындары саны 30% - ға  2352-ден 730 орынға дейін қысқарды. 

Қазіргі уақытта модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 99, екінші облыстық ауруханада – 6, аудандық инфекциялық стационарларда - 33 науқас ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 73 адам жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте өңірде облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада және т/ж ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар бірден жабылды. 

Науқастар санының азаюына байланысты қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жабылды.

25 қазан 2021, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.