Атырау, 9 қазан 15:16
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысы - "жасыл" аймақта

962 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 18 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 20 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 4 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 25 адам емделді.

Қазір 247 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 99, екінші облыстық ауруханада – 6 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 33. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 73 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймаққа өтті.

25 қазан 2021, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.