Атырау, 26 желтоқсан 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Нигерияда түрмеге шабуыл жасалып, 575 адам қашып кетті

1 634 рет қаралды

Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 500-ден аса адамды босатқан, - деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы. 

Содырлар алдымен абақты күзетшілеріне оқ атып, кейін оның қабырғасын жарылғышпен жарып жіберген. Сөйтіп 800-ге жуық сотталушы қашып шыққан. Бірақ колония қызметкерлері артынан 260-тан астамын қайта ұстады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2007 салынған бұл түрме 160 адамға шақталған. Бірақ оқиға кезінде онда 900-ден аса адам жазасын өтеп жатқан екен.

24 қазан 2021, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.