Атырау, 24 сәуір 22:32
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

942 просмотра

Өзбекстанда президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді , - деп хабарлайды РИА Новости.

Елдегі бес ресми саяси партия кандидаттарын тіркеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлауда жеңіске жететін басты кандидат - 64 жастағы Шавкат Мирзиеев.  

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 19,86 миллион сайлаушы бар, 14 сайлау комиссиясы құрылып, 10 760 сайлау учаскесі дайындалған. Сайлау күні түрлі себеп бойынша таңдауын жасай алмайтын 420 мың адам 14-20 қазан аралығында алдын ала сайлауға қатысқан. Кандидат жеңіске жетуі үшін кемінде 50 пайыз дауыс жинауы керек. 

Сайлауды 64,5 мың адам бақылайды, оның ішінде 50 елден келген 970 халықаралық бақылаушы бар.  

24 қазан 2021, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.