Атырау, 20 сәуір 02:28
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі салық қызметкерлерін ұстады

3 175 просмотра

«АЖ» редакциясына пара алды деген күдікпен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірнеше қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 

Қылмыстық іс аясында олардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап алған, Атырау қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметтік кеңселерінде тінту жүргізілген. Біздегі мәлімет бойынша, әңгіме Атыраудағы алкоголь өнімдерін жеткізушілерді «қамқорлығына алу» туралы болып отыр. Бірақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті біздің суаалымызға әзірге жауап берген жоқ. 

Айнұр САПАРОВА

23 қазан 2021, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.