Атырау, 13 қазан 19:38
 дождьВ Атырау +25.5
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырауда алаяқ баланың қайғылы өлімінен пайда көргісі келген

2 609 рет қаралды

Адамның жексұрындылығында шек жоқ-ау: 20 қазанда Атырауда әлдебір алаяқ Нұрсая ықшам ауданында алтыншы қабаттың терезесінен құлаған баланы жерлеу үшін деген желеумен қала тұрғындарынан ақша жинаған. 

Бұл туралы алаяқтың әлеуметтік желідегі тиісті жазбаларын көріп, қаза болған 5 жасар қыздың анасы полицияға хабарлады. 

- Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестірілуде, - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. 

Фархат АБИЛОВ

22 қазан 2021, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.