Атырау, 8 мамыр 21:44
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау облысында балабақша топтары бос қалды

2 086 просмотра

Соңғы күндері жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) шақыру саны айтарлықтай көбейді, дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз БАЙМОЛДАЕВА.

Атырауда ЖРВИ өршіген кезде коронавирус инфекциясы белгілеріне шақыртулар саны тәулігіне 700-750 қоңырауға дейін азайды.

- Апта басталғалы бізге 850-ден қоңырау түсе бастады, көбінесе қызуы көтерілген, жөтелі бар, кейде іші өтетін бір жасқа дейінгі балаларға баруға тура келеді, - дейді Н.Баймолдаева.

Учаскелік дәрігерлерге бару саны да артты. Өз басым дүйсенбі күні таңертең жалпы тәжірибе дәрігеріне жұмаға ғана жазыла алдым. Балабақша топтарында балалардың жартысынан көбі жоқ, ата-аналардың барлығы бірдей белгілерге - дене қызуы, тамақтың қызаруы, жөтелге шағымданады.

- Өңірде маусымдық аденовирус инфекциясының көбеюі байқалады. Ол әдетте конъюнктивиттен басталады, одан кейін қызу жөтел, диарея пайда болады, - дейді облыстың штаттан тыс педиатры Дина КАМЕЛОВА. Ол ата-аналарға балаларды өз бетімен емдемеуге, маманнан консультация алуға кеңес береді, өйткені конъюнктивит іріңді түріне айналуы мүмкін. Ата-аналар өз кезегінде балаға сусынды көп ішкізіп, тәттілер, тоқаштар, қуырылған және тұзды тағамдар бермеуі керек.

- Жиі ауыратын балалардың, диспансерлік есепте тұрған пациенттердің тұмауға қарсы екпе алғаны жөн. Қазір көп адамның ағзасы әлсіз, сондықтан олар тұмауды да, коронавирусты да оңай жұқтырып алады. Коронавирусқа келер болсақ, балаларға қашан вакцина егіледі және қанша жастан бастап екпе алуға болады деген мәселелер әлі шешілген жоқ, - деді Д.Камелова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 19 қазаннан бастап COVID-19 жұқтырған кәмелетке толмағандар туралы статистиканы жариялап жүр. 21 қазандағы ахуал бойынша бұл диагноз 107 балаға қойылды - төртеуі жұқпалы аурулар стационарында, 103-і амбулаториялық ем алуда.

Коронавирус инфекциясы жағдайлары тіркелген сыныптар карантинге жабылады. Алайда қалалық білім бөлімі редакциядан ресми қағаз сұрап, дәл қазір қанша сыныптың оқшауланғаны туралы жедел ақпарат беруден бас тартты. Жауапты кем дегенде бір аптадан соң алатынымызды ескерсек, оны күтудің мәні жоқ. 7 күннен кейін ақпарат өзектілігін жоғалтуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қазан 2021, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.