Атырау, 26 сәуір 07:45
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Сотталған облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары әзірге қызметінде жүр

2 122 просмотра

«АЖ»-ға Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының жақында сотталған орынбасары Толғанай КӨЛБАЕВАНЫҢ бұрынғыша өз қызметінде жұмыс жасап жатқаны белгілі болды. Бұл ақпаратты облыстық білім беру басқармасы растады.

- Иә, жұмыс істейді. Т.Көлбаеваға кепіл түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды. Ол №2 қалалық соттың үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана жұмыстан босатылады. Сотта ол өзіне үлес бойынша қойылған азаматтық талапты толық мойындады, сол мөлшерде мемлекетке келтірілген залалды толық өтеді және сотқа тиісті түбіртекті ұсынды, - деп жауап берді облыстық білім беру басқармасы.

Білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ әзірге жұмыстан кету туралы өтініш берген жоқ. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе шығар. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес бірінші басшы бағыныштыларына қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

С.Есенғалиев былтыр 12 тамызда облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Үш айдан кейін ол Көлбаеваны өзінің орынбасары етіп тағайындады. Бұған дейін Көлбаева басқармада экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болды.

Еске салсақ, 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап өткен жылдың 30 желтоқсанына дейінгі сот үкімі бойынша Толғанай Көлбаева басқа қызметкерлермен бірге 2015-2020 жылдар аралығында туыстары мен таныстарының банкомат карточкаларына аудару арқылы бюджет ақшасын иемденген. Оның «үлесі» 54 миллион теңге құраған. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар болғандықтан, жазаны 5 жылға кейінге қалдырды.

Фархат АБИЛОВ

21 қазан 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.