Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау-Орал трассасында жол-көлік апатынан полицей мерт болды

2 146 рет қаралды

20 қазанда таңғы бесте Атырау-Орал трассасында Toyota Ipsum мен Lada Priora көліктері жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқан. Жол-көлік апатынан Lada Priora көлігін жүргізіп келе жатқан Махамбет ауданының учаскелік инспекторы қаза болды.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Марқұмның артында әйелі мен кішкентай баласы қалды.

Фархат АБИЛОВ

21 қазан 2021, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.