Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысының тұрғыны пойыз жолсерігіне қол көтерген

1 968 рет қаралды

Атырау облысының тұрғыны «Ақтөбе – Атырау» пойызында жолсерікті ұрған, деп хабарлады көлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Ақтөбе-Атырау» бағытымен жүретін жолаушылар пойызының 51 жастағы жолсерігінен Атырау станциясындағы полицияның желілік бөліміне шағым түсті.

Жолсерік Мұқыр станциясынан пойыз жүретін жолда өзінің қызметтік міндетін атқарып жүргенде, оған бейтаныс адам келіп, дөрекілік көрсете бастағанын айтты. Сөзге келіп қалғаннан кейін жас жігіт жолсерікке дене жарақатын салған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шаралары барысында Атырау облысының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-тармағы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

21 қазан 2021, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.