Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 48 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 32 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 адам, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 3, Махамбет ауданында - 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 28 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 20 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді.
Қазір 344 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 96, екінші облыстық ауруханада – 14 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 70 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.