Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ер адам туысының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан

2 012 рет қаралды

Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушы азаматшаның күйеу баласы болып шықты.

Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонақтап келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

19 қазан 2021, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.