Атырау, 5 желтоқсан 09:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ер адам жоғалып, содан кейін өлі табылды

1 955 рет қаралды

16 қазанда қала маңындағы Талғайраң-2 ауылында зорлықпен өлтірілген белгілері бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ал оның көлігі қаланың екнші шетінен табылды. Бірнеше күн бұрын туыстары полицияға ер адамның жоғалып кеткенін хабарлаған.

Атырау облысы ПД хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Белгілі болғандай, осы іс бойынша оның үш танысына іздеу жарияланды. Алдын ала болжам бойынша, аяқасты туындаған жанжал адам өліміне әкелген.

Фархат АБИЛОВ

19 қазан 2021, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.