Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда қазан айында 23 адамды сарышаян шаққан

3 972 рет қаралды

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында осындай деректер айтылды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

«103» қызметінң ақпараты бойынша, 1-19 қазан аралығында сарышаян шаққан тұрғындардан 23 шақырту түскен. 

«Жедел жәрдемге шағын аудандардағы жеке үйлерде тұратын тұрғындар шағымданған. Сарышаяннан зардап шеккендерге жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Шағымданушының жағдайына байланысты стационарларлық емдеуге жатқызылады. Әдетте мұндай жәндіктен зардап шеккендер дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында болады» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Қазір облыстық балалар ауруханасы мен №1 облыстық аурухана стационарларында сарышаяндар шаққан науқастар түспеген. 

19 қазан 2021, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.