Атырау, 20 сәуір 09:18
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

Сурет
1 625 просмотра

Атырау-Дамбы трассасында шосседегі велоспорт бойынша бозбалалар арасында облыстық чемпионат өтті.

Анвар Карышев, Аймұрат Дәурен, Жолдас Жантілек, Нұрсая Ерболат, Әдемі Құспанова, София Есбосынова, Трофим Турыжников, Еркебұлан Орынбасаров пен Марат Оразалиев байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Спортшыларды Ербол Бедербеков жаттықтырады.

* * * * *

Атыраулық атлетші Мейірбек Құсайынов «Ақбидай» спартакиадасы шеңберінде ат үстіндегі грек-рим күресіне ұқсайтын ұлттық спорт түрі - аударыспақ турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Осылайша Мейірбек ұлттық спорт ойындарының осы түрінен спорт шеберінің нормативін орындаған Атырау қаласының алғашқы тұрғыны болды. Айта кету керек, ол 2020 жылы Шымкентте аударыспақтан өткен Қазақстан жастар чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

* * * * *

Түркістанда 100 шаршылы дойбыдан ел чемпионаты өтті.

Бас бапкер Еркін Үсенов бастаған Атырау облысының құрамасы бір алтын, екі күміс және екі қола алқа жеңіп алды. Жанель Әдиет екі қола алқа иеленді, қалған алқалар Бекарыс Жұмалиевтің еншісінде.

* * * * *

Ақтауда Қазақстанның VII ауыл спорты ойындарында кикбоксингтен жарыстар өтті. Рингке 13 командадан 124 спортшы шықты.

67 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Серікжан Сәлімгереев турнир жеңімпазы, ал жерлесі Жандәулет Жандолов 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

19 қазан 2021, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.