Атырау, 21 желтоқсан 13:49
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шымкенттегі нокаут

1 484 просмотра

16 қазанда футболдан ел чемпионатының 24-турында «Атырау» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасымен» ойнады. Матч соңғы секундқа дейін тартысты өтті.

Бірінші таймда екі жақта да мүмкіндіктер көп болды, бірақ доп қақпаға кірмеді. Эпизодтардың бірінде «Атырау» қорғаушысы (капитан) Дмитрий ГУЗ өзінің айып алаңында қарсыластарынан бетіне күшті соққы алды. Бокста бұл нокаутқа тең келеді, осыдан кейін капитан, өкінішке орай, ойынды жалғастыра алмай, оны ауыстырды.

Екінші тайм «Атырау» үшін сәтті басталды. 47-минутта жылдам қарсы шабуыл барысында шабуылшы Родригеш АЛЛЕФ Артак ДАШЯННЫҢ тамаша пасымен гол соқты. Бірақ бұл есеп ұзаққа созылмады: 56-минутта оны алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Эльхан АСТАНОВ теңестірді. «Ордабасы» қысым жасап, көп шабуылдады, ақырында бұл нәтиже берді. 74-минутта Абдулайе ДИАКАТЕ гол соқты. Матч 2:1 есебімен аяқталды.

Неліктен әттеген-ай дейміз? Себебі жеңіске жеткен жағдайда біздің команда үздік алтылыққа енер еді. Бұл, әрине, еурокубок емес, бірақ сонда да...

Алда тағы екі тур бар. Келесі кездесу 24 қазанда өз алаңында 4-орында келе жатқан павлодарлық «Қызыл-Жар» командасымен өтеді.

Айнұр САПАРОВА

18 қазан 2021, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.