Ресейдің Пермь өлкесінде алтыншы сынып оқушысы мектепке оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей Ішкі істер министрлігінің Пермь аймағы бойынша бас басқармасы оқиға 8.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00) болғанын хабарлады.
"Пермь өлкесінің Октябрь қалалық округінің полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың мектеп қабырғасы мен төбеге оқ атқаны туралы хабарлама келді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жасөспірім ұсталды", - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары алтыншы сынып оқушысының оқ ату себебін, қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.
Октябрь ауданы Пермь өлкесінің оңтүстігінде орналасқан, шамамен 26 мың тұрғыны бар.
Еске салайық, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде студент атыс шағарған. РИА Новости агенттігінің соңғы ақпараты бойынша, алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған.