Польша Ұлттық Ассамблеясының төменгі палатасы заңсыз көші-қоннан сақтану үшін Беларусьпен шекарада қоршау салу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Қазір Беларусь пен Польша шекарасында тікен сымнан уақытша қоршау орнатылды. Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминский Беларусьпен шекарадағы қозғалысты бақылау, анықтау жүйесімен жабдықталған қоршау салынғанын мәлімдеді.
Құрылыстың құны 400 миллион долларға болжанып отыр. Оның 25 миллионы қоршауды техникалық құралдармен жабдықтауға жұмсалады. Қаражат мемлекет бюджетінен бөлінеді.