Атырау, 20 сәуір 07:42
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Азаттық пен Пушкиндегі өткелдер ауыстырылды

Сурет Бейнежазба
1 886 просмотра

Жақында жүргізілген жөндеу барысында Азаттық даңғылы мен Пушкин көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелдері ауыстырылды. Алайда, ескі өткелдерде өшірілмеген таңбалар мен олардың бірінде тыйым салу белгісі болмағандықтан, көптеген қала тұрғындары енді өз өмірлерін қатерге тігіп жатқандарын білмей, шатасып, жолды үйреншікті жерден кесіп өтеді.

Кейбіреулер Азаттықта орнатылған тыйым салу белгісіне қарамайды. Ал Пушкин көшесінде ол мүлде жоқ. Жүргізушілер тежегіштерін басып үлгеріп, жаяу жүргіншілерді жер-жебіріне жетіп, сыбап алады.

Түсіндірейік, бұрын Азаттық даңғылында Мемлекеттік кірістер департаментінің (Салық комитеті) жанында орналасқан жаяу жүргінші белгісі Әуезов көшесіне «Сауран» сауда орталығының дәл алдына ауыстырылды. Ал облыс әкімдігі мен жаяу жүргіншілер эстакадасының жанындағы Пушкин - Сәтпаев қиылысындағы жаяу жүргінші белгісі қазір «Қазақтелеком» аялдамасының жанына орнатылды.

12 қазанда біз Азаттық даңғылы мен Пушкин көшесінде жаяу жүргіншілердің жолдан өтіп бара жатқанын видеоға түсірген едік. Ересектер де, балалар да ескі белгілерді басшылыққа алып, Азаттықтағы тыйым белгісіне назар аудармайды. Айтпақшы, Сәтпаев даңғылында музыка колледжінің алдындағы бұрынғы жаяу жүргіншілер өткеліне турникеттер орнатылды. Ол жерге эстакада көпірі салынған кезде жаяу жүргіншілер өткелін алып тастады, бірақ адамдар үйреншікті әдетпен сол жерден жолды кесіп өтеді. Бұрынғы жолақты ешкім өшіруге тырыспаған. Шамасы, жолшылар уақыт өте жаңбырмен шайылып кетеді деп ұйғарған болуы керек.

Әкімшілік полиция басқармасы (ӘПБ) көшірілген екі жаяу жүргінші өткелдеріне қатысты былай жауап берді:

- Біз өз тарапымыздан ТКШ бөліміне жаяу жүргінші өткелдері мен жол белгілерін ауыстыру туралы ұйғарым бердік. Олар жаяу жүргіншілерге тыйым салу белгісін орнатты, бірақ жол таңбалары қалды. Яғни, ТКШ бөлімі біздің нұсқаулықты ішінара орындады. Бұрынғы жаяу жүргіншілер өткеліндегі таңбаларды алып тастауға не кедергі екені белгісіз. Біз жол қозғалысы ережелерінің сақталуына жауаптымыз, - дейді ӘПБ қызметкері Төрехан МҰЗАФАРОВ.

Полицейлер жолды тиісті емес жерден кесіп өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес («Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы») 2 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.

Қалалық ТКШ бөлімінің маманы Нұрбек МОНТАЕВТЫҢ айтуынша, таңбаларды жою жұмыстары бірер күнде басталады екен.

- Бұл жол таңбалары термопластикпен құйылған, оларды өшіру қиын. Сондықтан мердігер «Атыраудорстрой» ЖШС оларды қара бояумен бояйды. Ал тыйым салу белгісі Пушкинде де орнатылады, бұл жұмысты мердігер - «Westsupplyservice» ЖШС атқарады, - деді Н.Монтаев.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 қазан 2021, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.