Атырау, 25 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай COVID-19-дың шығу тегін анықтауға кірісті

1 447 просмотра

Қытай ғалымдары коронавирустың шыққан тегін анықтау үшін Ухань тұрғындарынан жиналған ондаған мың қан үлгілерін зерттейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тhе Mainichi сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы баяндамасында қаңтар мен ақпанда Қытайдың орталық қаласына барып, аурудың алғашқы кезеңінде жиналған қан үлгілерінің вирусқа қарсы антиденелері бар-жоғын анықтауға шақырды.

Баяндамада Уханьдағы қан орталығында 200 мыңға дейін қан үлгісі, оның ішінде 2019 жылы қазан мен қарашадағы адамдар вирусты алғаш жұқтырған кезде алынған үлгілер бар екені айтылды.

Елдің Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми өкілі тестілеу қан үлгілерінің сақталу мерзіміне екі жыл өткеннен кейін жүргізілетінін айтты. Сарапшылар бұл қан үлгілері арқылы маңызды мәліметтер алынады деп болжайды.

Ең алғаш анықталған инфекция 2019 жылы 8 желтоқсанда тіркелген, бірақ ғалымдар коронавирус адамдар арасында қазан мен қарашада таралды деп санайды.

13 қазан 2021, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.