Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 43 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 22 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 адам, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 3, Мақат ауданында - 2 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 26 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 17 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 66 адам емделді.
Қазір 322 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 74, екінші облыстық ауруханада – 45 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 35. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 51 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.