Атырау, 11 маусым 09:56
 дождьВ Атырау +21.6
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Қызылқоғада бруцеллез жойылмай тұр

1 584 рет қаралды

Қызылқоға ауданында мал арасында бруцеллезді жою мүмкін болмауда. Әсіресе, бұл індет ошағы Ойыл, Тайсойған, Жамбыл ауылдарында басым.

Бүгінде аудан бойынша 82 сиыр, 592 қой-ешкі жойылған. Ірі қара арнаулы орында сойылып, иесіне беріледі. Ал ұсақ жандықты Оралдан «Жеңіс» ЖК әкетіп, ет қалбырларын шығарады. Мал иесіне өтемақы төленеді: 70 пайызын ЖК, 30 пайызын жергілікті бюджет бөледі.

Бүгінде тұрғындарға 5 млн 451 мың теңге өтемақы төленген. Дегенмен ауру малды жасырып қалу деректері де бар.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ бруцеллез өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қой-ешкіде төмендегенін айтады. Бірақ бұл індетті түпкілікті жою мүмкін болмай тұр.       

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

12 қазан 2021, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.