Атырау, 25 сәуір 16:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тірлігі жарасқан Жарсуат

2 192 просмотра

«АЖ» көп жылдар бойы Атырау облысындағы ауылдардың тыныс-тіршілігі туралы ықшамдалған «шежіре» жазып келеді. Бүгін - Индер ауданындағы Жарсуат ауылы туралы қысқаша баяндалмақ.

1963 жылы Жамбыл атындағы совхоз болып іргетасы қаланған ауылда бүгінде 372 үйде 2206 тұрғын тұрып жатыр. Жарсуат ауылдық округіне Қызылжар, Ақтан, Кетебай елді мекендері кіреді. Ауыл адамдарының басым бөлігі малмен күнелтеді.  

Мұнда тазалық бірінші орында тұр. 12 көшеде бірде-бір тұрмыстық қалдықтар көзге шалынбайды. Күнде үйден өріп, өріске беттейтін төрт түліктің тезегін де таппайсың. Ересектер де, балалар да ауланы таза ұстауға дағдыланған.

- Бұл біздегі бұрыннан қалыптасқан дағды. Жалпы ауылдың тазалығы әр адамға байланысты ғой, дегенмен көше тазалықшыларының еңбегі зор. Негізі тұрғын халық ұйымшыл, - дейді Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі, зейнеткер Үміт ТАЛАСОВА.   

Тағы бір ерекшелік: ауылда үй есігі кілттенбейді, өйткені ұрлық олар үшін жат.

Ауылда мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, пошта, өндірістік кооператив қалыпты жұмысқа көшкен. Ауыз су мен шаруашылыққа қажет жазғы су күні-түні үздіксіз жүріп тұрса, көгілдір отын да сөнбейді. Спорттық кешен биыл пайдаланылуға беріледі деп күтілуде. Бұдан басқа, екі шағын саябақты абаттандыруға қаржы сұратылған.

- Тұрғын үй салу үшін жер телімін беру келесі жылы жүзеге аспақшы, - дейді Жарсуат ауылдық округінің әкімі Ербол БӨКЕЕВ.Ол үшін тиісті инженерлік инфрақұрылым жүргізілуі керек, қазір осы іспен айналысып жатырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

12 қазан 2021, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.