Атырау, 29 наурыз 06:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ойылда ескі бөгеттерді бұзып жатыр

1 450 просмотра

Ойыл өзеніндегі заңсыз бөгеттерді бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ «АЖ» тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. Атап айтқанда, Ақшатау шатқалындағы, Ашықбай шатқалындағы бөгеттер мен Тәй-Тәй Қаракесек бөгеті жойылды.

- Келесі кезекте Шығырлы, Жарлы және Игібай өзендеріндегі құрылыстар тұр. Жалпы Ойыл өзенінің арнасында орналасқан бөгеттердің көпшілігі Кеңес Одағы кезінде салынған, бүгінде олардың бәрі жарамсыз күйде, - дейді А.Бекмұхаметов.

Еске салсақ, биыл мамыр айында Ақтөбе облысының Мұғалжар, Қобда, Темір және Ойыл аудандары аумағының жоғарғы ағысында және Ойыл бассейнінде түрлі типтегі 57 гидротехникалық құрылыстар, соның ішінде 34 «иесіз» бөгеттер анықталды.

Қазір осы нысандардың 10-ы ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін коммуналдық балансқа қабылданды: бұл №1 Шитбұлақ бөгеті, №2 Шитбұлақ бөгеті, Шұбаралсай өзенінің бастауындағы бөгет, Жарлы өзеніндегі №2 бөгет, Шығырлы өзенінің арнасындағы №1 учаске, Шығырлы өзенінің арнасындағы №2 бөгет, Шығырлы өзенінің арнасындағы №5 учаске, Ащықұмды өзенінің арнасындағы №2 бөгет және Қарағанды өзенінің бастауындағы бөгет.

Қалған 18 нысанды (бұзылған бөгеттер) қалпына келтіру жоспарланбаған.

Сондай-ақ, облыстың бас экологының ақпараты бойынша, каналдарды өсімдіктерден тазарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, (Шығырлы және Шұбаралсай өзендерінде) 2 көпір маңындағы каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, әрі қарай 5 бұлақ (Шибұлақ №1, Шибұлақ №2, Талдысай, Егіндібұлақ, Қыздыбұлақ) бойынша тазарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ойыл өзенінің бассейніндегі ағынды арттыруға бағытталған су қорғау шараларын әзірлеп жатыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 қазан 2021, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.