Атырау, 23 желтоқсан 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 13 адам Covid-19 жұқтырған

1 600 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 13 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 7 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды, ал Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 6 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 51 адам емделді.

Қазір 334 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 74, екінші облыстық ауруханада – 44 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 53 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

12 қазан 2021, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.