Атырау, 18 сәуір 22:50
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

1 374 просмотра

5 қазанда Атырауда Жайықтың жаңа жағалауында болған апаттан кейін көлігін тастап кеткен Honda Odyssey жүргізушісіне жалпы сомасы 73465 теңге айыппұл салынды. Жүргізушісі - 26 жастағы Маңғыстау тұрғыны, автокөлік сол жақта тіркелген. Атырау облысы ПД мәліметінше, оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы («Көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зақым келтіретін жол қозғалысы ережелерін бұзу»), 611-баптың 2-бабы («Жүргізушінің өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы»), 596-бабының 1-тармағы («Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру») бойынша айыппұлдар салынған.

 

*** * *

7 қазанда Сәтпаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде «Учаске» іс-шарасы кезінде атыраулық полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 7 қызды ұстады. Полиция олардың барлығы Шымкент, Алматы және Тараздан келгендер екенін, тіркеусіз жалдамалы пәтерлерде тұрғанын хабарлады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 492- («ҚР-да тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру») және 449-(«Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету мақсатында тиісу») баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

** * * *

6 қазанда «Учаске» іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары Атырау ықшам ауданындағы наубайханада заңсыз жұмыс істейтін Өзбекстанның үш азаматын анықтады. Полицияның мәліметінше, олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Үшеуі де Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-бөлу мекемесіне орналастырылды. Жиналған материалдар көші-қон қызметі мен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

 

** * * *

Атырау облысында жыл басынан бері 500-ге жуық жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, 8 қазанда түнгі сағат 02.30 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Владимирский көшесімен келе жатқан күмәнді көлікке полиция патрулін жіберді. 40 жастағы Toyota RAV4 жүргізушісі мас болып шықты. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-тармағы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

 

** * * *

5-7 қазан аралығында Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық дін істері жөніндегі басқармамен бірге тыйым салынған діни әдебиеттерді сатуға қатысты Атыраудағы сауда орталықтарына рейд жүргізді. Мұндай фактілер «Дина», «Байзаар» және «Насиха» сауда орталықтарында анықталды. Барлығы 24 кітап тіркіленіп, сараптамалар тағайындалды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы («Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға қатысты белгіленген ҚР заңнамасының талаптарын бұзу») бойынша жазаланады. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 қазан 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.