Атырау, 27 сәуір 02:36
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ғалымжан және оның командасы зағиптарға көмектеседі

Сурет
1 770 просмотра

Атырауда нашар көретін балалар «Брайльді өздігінен үйрену» бойынша 45 сабақ алады. Өздігінен қолдануға арналған Брайль шрифтінің электртактильді тренажері - нашар көретіндерге арналған өнертабысының арқасында БҰҰ сыйлығына ұсынылған қазақстандық Ғалымжан ҒАБДРЕШОВТЫҢ еңбегі. 

БАЛАМАЛЫ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ

- Белгілі бір уақытқа дейін бізде қанша зағип жандар бар екенін білмедім. 100 шақты адам болар деп ойладым. Сөйтсек, тек Қазақстанда ДДСҰ мәліметі бойынша 160 мыңға жуық адам бар екені белгілі болды, оның 9 мыңы балалар, - дейді Ғалымжан.

Бірнеше жыл бұрын будан күйік шалып, көзінің тор қабығы қатпарланып, бір түнде көрмей қалған. Бағына орай, Ғалымжанның көру қабілетін дер кезінде қалпына келтірген. Бірақ шыны тәрізді денедегі қайтымсыз өзгерістерге байланысты соқыр боп қалу қаупі қалған. Сол кезде ол соқыр адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін шешім табуды мақсат етіп қояды.

Қолда бар әзірлемелерді зерттейді, көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқалар бар екен. Ал соқырлар үшін тек ақпаратты өңдейтін камераға негізделген шешімдер ұсынылғаны белгілі болады. Зерттеу жұмыстарына қомақты қаражаттар бөлінеді. Мысалы, Майкрософт корпорациясы «соқырларға арналған көру қабілетін» әзірлеуге 1,5 миллиард доллар бөлді. Университеттер мен корпорациялар қомақты қаражат жұмсайды, ал соқырларға Қазақстанда да, шетелде де олар үшін бұрынғы үйреншікті ортаға қосылуға көмектесетін құрылғылар іс жүзінде жоқ.

Ғалымжан Ғабдешев жасаған «Sezual» биолокаторы көруге мүмкіндік беретін алғашқы шешім болды. Бұл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Еуропалық ғалымдар кеңесінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялар саласындағы қорытындысымен расталады. Елестетіп көріңізші, соқыр адам мойнына медальон түріндегі құрылғыны киіп, заттардан тараған дыбыс толқындарының арқасында заттарды «көре» бастайды.

- Мұрын -жұтқыншақ бөлігінің табиғи органы аналогын аппарат түрінде жасау - бұл ғылыми сәттілік. Табиғатта жануарларда көрудің екі түрі бар - көру қабілеті бар адамдар қолданатын белсенді жарық биолокациясы және көптеген жануарларда - жарғанатта, дельфинде және тіпті көбелекте бар белсенді дыбыстық биолокация. Бұл құбылысты зерттеуге әлемде 100 миллиард жұмсалды, бірақ әрекеттің бәрі теория деңгейінде қалды, өйткені ғалымдар жұмыс жасайтын аппарат жасай алмады. Біздің команда соқырлардың көре алатынын дәлелдеуді мақсат етіп қойды. Ал ресми бекіту үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік сынақтар жүргізілді. Бұл әлдеқайда ілгерілеп, үйренудің табиғи алгоритмін және мидың көру қабығында жаңа функцияларды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде біздің құрылғыны қолданатын зағипта көру қабілетінің жойылуына байланысты істен шыққан ми бөліктері қайтадан жұмыс жасай бастайды, - дейді Ғалымжан.

Америкалық неврология саласындағы ғалымдар өнертабысқа үлкен қызығушылық танытты. Оларға ФМРТ-да (функционалды магнитті-резонансты томография) бақылау жасау, атап айтқанда, үйренуші соқырларда нейрондық байланыстар қалай түзелетіні қызықты. Анықталған заңдылықтарды кейіннен медицинаның басқа салаларында да қолдануға болады. Мысалы, пациенттерді инсульттан кейін функционалдық ерекшеліктерін мидың басқа бөлігіне ауыстыру арқылы оңалту тиімдірек, эпилепсияны емдеу және тағы басқалар тиімдірек.

Жобаны алғаш 2017 жылы зерттеу жүргізу мен прототиптерді жасауға қаржы бөлу арқылы Дүниежүзілік банк қолдады. «Болашақ» бағдарламасының түлектері Нұрбек ЕҢСЕБАЕВПЕН және Әбділда ШӘМЕНОВПЕН бірге Ғалымжан «Sezual» қоғамдық бірлестігін құрып, аппараттың сегіз нұсқасын жасады. Ол ересектерге де, балаларға да сыналды. Балалар өнертапқыштардан медальонға «Марвел» комикстерінің кейіпкері Тони Старктың жүрегінің пішінін беруді өтінген. Құрылғының арқасында олар өзгелердің көмегінсіз кеңістікте еркін қозғалды. Ал зерттеуге қатысушылардың бірі тіпті велосипедке де мінген. Қазақстандықтардың дәл осы революциялық өнертабысы БҰҰ сыйлығына ұсынылды.

 

ЕРЕСЕКТЕР МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛІППЕ

«Баламалы көздің» пайда болуы «Sezual» қызметкерлерін зағиптарға оқу дағдыларын үйрету қажеттілігіне әкелді. Зағиптардың басым көпшілігі Брайль шрифтін оқи алмайды екен. Өйткені зағиптарға арналған әліппе арнайы мектептерде оқытылады, ал 90%-ы көзінен ересек кезде айырылады. Нәтижесінде, тіпті мемлекеттік мекемелерде арнайы тақтайшалар болса да, олар ақпарат ала алмайды. Арнайы тренажер зағип ересектер үшін ойлап шығарылды. Алайда пандемияға байланысты балалар да мектепке бару мүмкіндігінен айырылды, сондықтан олар үшін білім алу өзекті мәселе болды.

Ғалымжан Ғабдрешов

- Егер көру қабілеті нашар балалар үшін бұл мәселе электронды гаджеттердің көмегімен шешілсе, зағип балалар компьютерді толық пайдалана алмайды. Бұл тренажер - біздің алғашқы өніміміз, оған барлық қосалқы бөлшекті Қытайдан тапсырыс арқылы аламыз, астанада құрастырылады. Біз балаларға арналған оқу құралын жеткізе бастадық. Бұл - әріптері бар панель. Пайдаланушы әріпті басып, оның қандай дыбыс шығаратынын естиді. Нәтижесінде тактильді үйрену уақыты екі айға дейін қысқарады. Ал ересек кезінде соқыр болып қалғандар, тифлопедагогтардың қорытындысына сәйкес, өз бетімен үйрене алады. Елімізде елде тифлопедагогтардың тапшылығын ескерсек, өзі үйрететін құрал әлі де көп жыл бойы өзектілігін жоғалтпайды, - дейді Нұрбек Еңсебаев.

 

ҚОЛТАҢБА - ҮЛКЕН ӘЛЕМГЕ ЖОЛ

Өзі үйрететін құралдан бөлек, зағип балалар да оқитын есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Атырау мектебі өздері үшін қол қою мәселесін шешуге сұраным жасады. Иә, адамның жеке басын сәйкестендіру үшін қол қою зағип жандар үшін де проблема. Тәжірибе көрсеткендей, тіпті соқыр боп қалған ересектер бірнеше жылдан кейін қол қою дағдысын жоғалтады.

- Қол қоюға арналған аппарат көлемі екі банкоматқа тең құрылғы. Қазақстанда да, шетелде де оның жасауға мүдделі, өйткені мұндай қолтаңбаның болуы зағиптардың мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Себебі ол барлық жерде - емханада, банкте, халыққа қызмет көрсету орталығында, нотариалдық кеңседе, көші-қон қызметінде, халықаралық сапарға шығу кезінде керек болады.

Жазу үлгісіне және клиенттің қалауына – аты мен фамилиясының қай бөлігін қолданғысы келетініне қарай – автомат плоттерлік принтерде тактильді қолтаңбаның бедерлеме үлгісін басып шығарады. Бірнеше ондаған үлгі болуы мүмкін, зағип жан оны қолымен «оқып», өзіне ұнағанын таңдайды. Ал аппарат трафаретті - қолтаңба түрінде ойылған қарапайым несие картасының өлшеміндей пластикалық картаны шығарады.

ҚР ҰҒА директоры, академигі, заң ғылымдарының докторы М.Сүлейменов ұсынған Каспий университетінің ҒЗИ жеке құқық сараптамалық қорытындысына сәйкес, зағиптар үшін бұл шешім заңды әрі жарамды.

Бәлкім, Атырау бұл аппаратты орнатып, зағип жандардан заңдық шектеулерді алып тастайтын әлемдегі алғашқы қала болатын шығар. Әзірлемені өндіріске шығаруға толық дайын, ендігі мәселе инвесторларға байланысты. АҚШ-та мұндай аппараттарды үш штатта орнатқысы келеді.

 

МАКСВЕЛЛ АЙВИ

«Sezual» командасының құрамында электроникамен айналысатын кәсіби мамандар бар. Бүкіл инженерлік бөлікке Ғалымжан жетекшілік етеді, ол жаңа өнертабыстармен айналысады. Бүгінде қоғамдық бірлестік - бұл көптеген елдердің өкілдері кіретін халықаралық команда.

Максвелл Айви - Америка Құрама Штаттарының танымал блогері, «Amazon» бестселлерінің авторы «Sezual»-мен белсенді жұмыс жасайды. Зағип болғандықтан, Максвелл көру қабілеті бойынша мүгедек жандардың қандай проблемалармен бетпе-бет келетінін және зағиптар проблемасымен қандай американдық ұйымдар мен компаниялардың айналысатынын жақсы біледі. АҚШ-тың бірнеше штаты өз аумақтарында «Sezual» инновациясын қолдауды ұсынды.

Қазіргі уақытта қазақстандық команда АҚШ-тың 6 университетімен - Питтсбург, Огайо, Небраска, Вандербильт, Массачусетс және Флорида штаттарымен ынтымақта жұмыс істейді, олардың өкілдері бірлесіп әзірлеуге мүдделі.

- Біздің өнертабысымыз Еуропалық ғалымдар кеңесінің қорытындысына сәйкес Гарвард университеті мен Microsoft корпорациясының әзірлемелерімен қатар әлемдегі ең үздік инновациялар тізіміне енгізілді. Осыған байланысты біздің әріптестеріміз, Еуропа мен АҚШ ғалымдары «Sezual» жобасын Нобель сыйлығына ұсынуға қолдау білдірді. Табысқа жеткен жағдайда мүгедектер үшін революциялық өнертабыстарды көбірек енгізіп, инклюзивті қоғамның дамуына қосатын үлесімізді арттыра аламыз, - дейді Нұрбек Еңсебаев.

Қазіргі уақытта команда Майкрософтпен нашар көретін адамдар үшін технологиялар саласында ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде.

Бұдан басқа, оларға ЮНИСЕФ-тен сұраныс түскен. Ұйым әр түрлі церебральды сал ауруы, аутизм, есту қабілетінің бұзылуы, көру және т.б. аурулармен ауыратын балаларды оқыту және коммуникация үшін бірыңғай платформа құру жөнінде жаңа міндет қойды. Бұл айтарлықтай күрделі платформа. Оны құру үшін бұл аурулардың егжей-тегжейін терең түсіну керек.

Түрлі медициналық қауымдастықтармен ынтымақтастықтың арқасында «Sezual» мамандары қандай форматта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Бұл оған қатысушылар жұмыс жасап жатқан қауымдастықтың алғашқы бағдарламалық шешімі. Жақында оның да таныстырылымын көре алатынымызға сенімдімін. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қазан 2021, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.