Атырау, 20 сәуір 02:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тайызданған Жайықтан ескі айлақтың қадалары көрініп тұр

Сурет
1 255 просмотра

Атырауда «Шағала» қонақүйінің жанындағы жағалау маңында бетон құрылымдардың жалаңаштанған бөліктері қылтиып шығып тұр.

Өзен түбіне қағылған көлемді бетон шыбықтардың ұштары соңғы жылдары су астынан шошайып көрініп қалатын. Бірақ осы күздегідей емес еді. Қазір қадалармен қатар, тұтас арал көрініп тұр. Әлеуметтік желі қолданушылары мұның бәрі ескі көпірдің қалдықтары деп болжады. Бірақ олай емес.

Гурьевтегі (Атырау) ең алғашқы көпір 1912 жылы салынған, ол көпес Федот Тудаковтың сауда-тұрғын үй-жайына (қазіргі «Орал» мейрамханасы) жақын жерде орналасқан. Бұл көпір ағаштан жасалған еді. Жағадағы тақтай бекітілген қадалар да ағаштан жасалған. Навигация кезеңінде өткелдің орталық бөлігін оңай жинап алып, кемелерді өткізу үшін көпір балық аулайтын қайықтарға бекітілген...

Көлік құрылымдарының салыну тарихына үңілмей-ақ, қаладағы алғашқы көпірдің ағаш қадалары өткен ғасырдың 70-жылдарында-ақ көрініп жүргенін айтқым келеді. Оларды жағалау салынып жатқан кезде алып тастады.

Қазіргі бетон құрылымға келсек, байырғы тұрғын Евгений УХОВТЫҢ (Атыраудағы белгілі спортшы, ескек есу бойынша жаттықтырушы) айтуынша, бұл - ХХ ғасырдың екінші жартысында бірнеше ондаған жылдар бойы қолданылған айлақтың қалдықтары.

Евгений Михайлович өзінің жеке мұрағатыдағы фотосуретті көрсетті, бұл айлақ 1955 жылы осындай күйде болған екен.

Дегенмен, бұл ненің қалдықтары деудің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Жайық түгел тартылған кезде бізге көпірлер мен айлақтар қажет болмайды.

Лев ГУЗИКОВ

Автор түсірген және Е.Уховтың мұрағатынан алынған суреттер 

11 қазан 2021, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.