Атырау, 9 қазан 21:27
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қызылқоға тұрғыны ағасының үйін өртеп жіберді

Сурет
1 727 просмотра

3 қазанда Қызылқоға ауданынының Жасқайрат ауылында жергілікті тұрғын ағасының үйін өртеп жіберген. Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне сағат 17:30 шамасында өрт туралы хабарлама түскен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, арызданушы әйел күйеуінің інісі мас күйде үйдің ішіне бензин шашып, өртегенін хабарлаған.

- Өрт салдарынан тұрғын үй толығымен жанып кеткен. Бағына қарай, отбасы сыртқа шығып үлгерген, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. – Өрт сөндірушілер сөндіріп жатқанда, полиция 55 жастағы өртеушіні ұстады. Ол толығымен кінәсін мойындады. Қылмысқа отбасылық кикілжің себеп болған.

ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-тармағы («Өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою»)бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

7 қазан 2021, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.