Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырауда 25 миллион теңгеге саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау кеңсесі ашылады

1 504 просмотра

Атырау облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында бюджеті 25 миллион теңге болатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі кеңсені ашуға тендер шарттарын жариялады. Оның 20 миллионы құрамында 4-5 адамнан тұратын сегіз жұмыс тобының қызметкерлеріне төленетін жалақыға жұмсалады. Олардың құрамына тарихшылар, оқытушылар, діни ұйымдардың қызметкерлері, студент-еріктілер кіреді. Кеңсе тек осы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл жоба ҚР Президентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Кеңсе құрбандар туралы бұрын құпияланған немесе әлі белгісіз деректерді жинап, Президент әкімшілігіне есеп берумен айналысады. Сондай-ақ, «қауырт желі», конференциялар, «дөңгелек үстелдер», көшпелі шаралар ұйымдастырылады.

Тендердің техникалық ерекшелігінде кеңсе қызметкерлерінің жалақысына жалпы алғанда 20 миллион 400 мың теңге қарастырылуы тиіс екені көрсетілген. Атап айтқанда, жұмыс топтары басшыларының айлық жалақысы - 200 мың, топ мүшелері мен үйлестірушілер - 120 мың, есепші - 70 мың және т.б. Іссапарларға - 2 млн 600 мың, кеңсені жалға алуға және кеңсе тауарларын алуға – 1 млн 3 мың. Бұдан басқа, тендер жеңімпазы кеңсе жұмысын БАҚ-да кеңінен жариялауды ұйымдастыруы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу сайтында әзірге тендер жеңімпазы туралы ақпарат жоқ.

Атырау облысы ПД «АЖ»-ға нақтылағандай, полиция мұрағатында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты 2869 қылмыстық іс бар. Бұрынғы әскери тұтқындар мен Германиядан елге оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы материалдар саны - 1250.

Фархат АБИЛОВ

7 қазан 2021, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.