Атырау, 17 мамыр 09:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Құқық қорғаушылар, шенеуніктер мен салық қызметкерлері пара алудан көш бастап тұр

1 632 просмотра

Атырау облысында параның орташа мөлшері - 13 000 теңге, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

- 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 5 млн теңгеге тең болды. Біздің өңірімізде былтыр параның жалпы мөлшері 193 млн теңгені құрады. Ал, биылғы 9 айдағы параның мөлшері 507 мың теңге,   -деп мәлім етті департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос МАМЫТ.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, параның жалпы сомасы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санына бөлініп, параның орташа мөлшері алынған. Былтыр бұл көрсеткішке 182 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ісі айтарлықтай «әсер етті».

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің есебіне сүйенсек, «өңірде сыбайлас жемқорлықтың тұрақты төмендеу үрдісі байқалады». Егер 2020 жылдың 9 айында осындай 95 құқық бұзушылық тіркелсе, онда осы жылдың осы кезеңінде – 58 тіркелген. Жыл басынан бері 28 адам сотталды, оның ішінде 4-еуі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары.

А.Мамыт жемқорлықтың 18 фактісі орын алған құқық қорғау органдарының әдеттегіше көш басында екенін, сондай-ақ 11 деректен орын алған әкімдіктер мен салық органдарының «үздіктер» қатарында атап өтті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қазан 2021, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.