Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырау прокуратурасы кәсіпкерді​ салық органынан қорғады

1 460 просмотра

Жақында прокуратура Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жергілікті кәсіпкерлердің бірінің шотына тыйым салу туралы шешімінің күшін жойды.

- Салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті клиентімнің бизнесін тоқтатты. Мен бірден прокуратураға арыз жаздым. Прокурорлар бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, шектеу шараларын жою туралы қаулы шығарды, - дейді салық сарапшысы Оразбек БАЙГЕНЖИЕВ.

Прокурор қаулысымен салық қызметкерлері кәсіпкердің шоттарына салынған тыйымды дереу алып тастады, бұл оған уақытылы салық төлеуге және қызметкерлеріне жалақы беруге мүмкіндік берді.

Естеріңізге салсақ, биыл қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев «Прокуратура туралы» Заңға түзетулер енгізді: заңды сақтаушылар мемлекеттік органдардың араласу фактілері бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарауға өкілетті. Енді прокурорлар шоттарға заңсыз тыйым салуды, мүлікті пайдалануға тыйым салуды, кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуды және басқа да шектеулерді жоя алады.

Фархат АБИЛОВ

7 қазан 2021, 21:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.