Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр

Бейнежазба
1 530 рет қаралды

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, 5-6 қазан аралығында космомониторинг жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының аумағында жану ошақтары анықталды. Жергілікті ТЖ бөлімінің қызметкерлері жерүсті барлау жүргізіп, Каспий теңізінің жағалауында шамамен аудан орталығынан 50-60 шақырым жерде қамыс жанып жатқанын анықтады.

Каспий жағалауын аралау нәтижесінде Мақаш ауылдық округінің аумағында және Теңіз ауылдық округінің ауданында екі фронтальды жану ошағы табылды.

Батпақты жерге байланысты қамысты арнайы техниканың көмегімен сөндіру мүмкін емес. Бүгін, 7 қазанда таңертең ВСУ-5 су ағызу құрылғысы және өрт-техникалық қару-жарағы бар ТЖД-ның 16 қызметкері бар "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жіберілді. 

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 қазан 2021, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.